«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурсы
140003, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2-үй, 305-кабинет, анықтама телефоны: (8 718 2) 65-38-82, электронды пошта мекен-жайы: «kense.dz@pavlodar.gov.kz», Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Облыс денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу жұмысы бөлімінің бас маманы , санаты D-O-4, 3-01-2 коды.
Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бұйрықтарды дайындау және жаппай іс-шаралар кезінде медициналық қызмет көрсетуді үйлестіру. Әскерге шақыру және тіркеу жүргізуге әскери комиссияны қалыптастыру және оның қызметін мониторингтеу. Облыста эпидемиологиялық жағдайды талдауды жүзеге асыру. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді аттестаттауға дайындау. Облыс денсаулық сақтау басқармасының алқаларын, отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Облыс бас штаттан тыс мамандардан (босануға жәрдемдесу және балалар мамандандарынан басқа) жылдық есептер жинау. Облыс денсаулық сақтау басқармасының штаттан тас мамандары бойынша басқарма бұйрықтарын уақытында жаңарту. Аудандар жетекшілерінің жұмысын үйлестіру, олардың қызметі туралы ақпарат жинау. Облыс медициналық ұйымдарға емдеу-алдын алу мәселелері жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Облыс медициналық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік органдармен емдеу-алдын алу мәселелері жөнінде өзара әрекет ету. Төмендету бойынша шаралар мен іс-шараларды қолданумен ауыршаңдық пен әлеуметтік-маңызды аурулардан өлім-жітімге талдау жүргізу. Халыққа медициналық көмек көрсету тиімділігі мен сапасын арттыруға әсер ету. Профилактикалық, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізуге бақылауды жүзеге асыру. Семинарлар, конференциялар ұйымдастыру, өткізу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен, Павлодар облысы әкімдігінен, облыс басқармаларынан түскен құжаттарды қарау және орындау. Ауруларды алдын алуға, амбулаторлы-емханалық және стационарлы жағдайларда науқастарға медициналық көмек көрсету тиімділігі мен сапасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу. Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарыда тұрған органдардың және олардың құзіреті шегінде жасалған лауазымдық тұлғалардың шешімдері мен нұсқаулықтарын орындау. Құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Сенім телефоны арқылы жұмыс жүргізу. Қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Мүдделеріне дау тудыруға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау. Ішкі еңбек тәртібінде ережелерді сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары (медициналық, мемлекеттік басқару) білімі. Ортадан кейінгі (медициналық) білімі барларға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыруҚағидаларынегізінде өтеді (бұдан әрі - Қағидалар) (Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР агенттігі төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығы).
Конкурсқа қатысу үшінқажетті құжаттар:
1) өкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;
2) өкілетті орган белгіленген 3х4 үлгідегі суретпен нысандағы сауалнама;
3) бiлiмi туралықұжаттардыңнотариалдықкуәландырылғанкөшiрмелерi;
4) еңбекқызметiнрастайтын құжаттыңнотариалдықкуәландырылғанкөшiрмесi;
5) ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтауминистрлiгiнiң2010 жылғы
23 қарашадағы№ 907бұйрығыменбекiтiлгеннысандағыденсаулығытуралыанықтама;
6) ҚазақстанРеспубликасыазаматыныңжекекуәлiгiнiңкөшiрмесi;
7) құжаттардытапсырусәтiнде шектi мәннентөменемеснәтижементестiлеуденөткенi расталғаны туралы сертификат.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Азаматтар хабарламада көрсетiлген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады.
Конкурсқа қатысу үшiн көрсетiлген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрмей бередi.
Құжаттардың түпнұсқасы берiлмеген жағдайда тұлға әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ өтедi.