Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Облыс медициналық ұйымдар басшыларының аттестациясы өткізілді

Дата: 2013-08-13 05:34:50
Облыс медициналық ұйымдар басшыларының аттестациясы өткізілді

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 10-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы «Мемлекеттік кәсіпорын басшыларын тағайындау мен аттестациялау, сонымен қатар, оның үміткерлігін келісіп алу Ережелерін бекіту туралы» № 1353 Қаулысына сәйкес.

2013 жылғы 07 тамызда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Амангелдіұлы Өрсәриевтің төрағалығымен атқарып отырған лауазымына  сай болу Павлодар облысының медициналық ұйымдар басшыларының аттестациясы өтті.

Атқарып отырған лауазымына сай болу аттестациясынан өтуге облыс медициналық ұйымдарының 26 басшысы жатты.

Тестілеу мен әңгіме жүргізу қорытындылары бойынша облыс медициналық ұйымдарының 23 басшысы аттестатталды.

Автор: Басқарма