Денсаулық сақтау басқармасының қызметі туралы ақпарат
2013 жылғы 8 тамызда облыстық радионың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы, негізгі міндеттері» бағдарламасының тікелей эфирінде басқарманың емдеу-алдын алу жұмысы, лицензиялау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері туралы. 2012 жыл және 2013 жылғы І жарты жылдық бойынша Ұлттық скринингтік бағдарламаның қорытындысы туралы. Халық үшін дәрі-дәрмек құралдарының қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету» мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ тікелей эфирде бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу, 1 кезең қорытындысы және жүріс-тұрыс тәуекелдерінің алдын алу және бақылауды күшейтуге жүйелі және кешенді тәсілдеме жолымен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекет ету мәселелері бойынша «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» ПОФ және «Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» бөлімдерінің басшылары қатысты.