Облыс денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық туристік слеті

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту 2011 – 2013 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің денсаулық сақтау және дене шынықтыру мен спорт басқармасымен 2013 жылғы 10 тамызда Павлодар ауданының «Заңғар» ауылының қарағай орманында денсаулық сақтау қызметкерлерінің бірінші Облыстық туристік слеті өтті.
Слеттің өткізілу мақсаты:
- денсаулық сақтау қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- табиғатқа ұқыпты қарау мен туған өлкеге деген сүйіспеншілікті насихаттау.
Облыстық туристтік слетке облыстың 30 медициналық ұйымдары, 300-ден астам денсаулық сақтау қызметкерлері қатысты.
Бағдарлама спорт жарыстары мен конкурстардан тұрды.
Жеңімпаздар грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.