Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Сауда-экономикалық серіктестікті дамытудың «Жол картасын» іске асыру

Дата: 2013-08-13 12:08:22
Сауда-экономикалық серіктестікті дамытудың «Жол картасын» іске асыру

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009-2016 жылдар кезеңіне ұзақ мерзімді экономикалық серіктестік жөніндегі Келісім-шарт пен оған қосымша Бағдарламаны (сауда-экономикалық серіктестікті дамытудың «Жол картасы») іске асыру мақсатында кардиохирургтар бригадасы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Белоруссия Медициналық ғылымдар академиясының академигі Ю.П. Островскийдің жетекшілігімен Павлодар қаласының Аймақтық кардиохирургиялық орталығында мастер-класс өткізеді. Ю.П. Островский бірінші болып Белоруссияда ашық жүрекке ота жүргізіп, оларды 7,5 мыңнан астам жасады. Мастер класс шегінде Павлодар мен Шығыс-Қазақстан облыстарының дәрігерлер кардиологтары мен кардиохирургтары үшін 16 күрделі ота, дәрістер мен кеңестердің жүргізілуі жоспарлануда.

Автор: Басқарма