Мектепке апаратын жол" акциясы
«Қазақстан Стратегиясы – 2050» бағдарламасы шегінде демеушілер мен жебеушілерді тарта отырып қайырымдылық шаралары өтуде. 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында мақсаты оқу жылының басына дайындау кезінде аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға қолдау көрсету болып табылатын «Мектепке апаратын жол» жалпы республикалық акцияся өткізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы мен қаланың медициналық ұйымдары акцияға қатысып, Павлодар ауданы Розовка ауылының оқушылары Кирилл Абубакаров пен Катя Петракованы мектепке жинау үшін 100 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Сонымен, кеңсе тауарлары, мектеп формасы, спорт киімі, сыртқы киім, спорттық аяқ киім, күзгі киім сатып алынды.