Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Денсаулық фестивалі-2013»

Дата: 2013-09-11 03:16:49
 «Денсаулық фестивалі-2013»

Павлодар облысыда «Денсаулық фестивалі-2013» өткізілуі туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен қазақстандықтар арасында еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму Стратегиясыныңбасымдылықтарын әйгілендіру мақсатында 2013 жылғы 7 қыркүйекте  республиканың барлық өңірлерінде шынайы Денсаулық Мерекесі болатын «Денсаулық Фестивалі»өткізілді.

         Акция мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару.

Павлодар облысы әкімдігінің басшылығымен қызығушылық танытқан барлық ведомстволармен бұл күні  (2013 жылғы 7 қыркүйекте) Павлодар облысының барлық мәдениет мекемелерінде және орталық көшелерінде, стадиондарда, спорт алаңдарында 125.000 адамды қамтыған «Денсаулық фестивалі-2013» өткізілді.

Павлодар қаласында  «Денсаулығым керемет – жаттығуға көп рақмет!» ұранымен Павлодар қаласының  орталық стадионда «Денсаулық фестивалі»  2013 жылғы 7 қыркүйекте сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін өтті. «Фестивальге» жалпы алғанда 6700 адам қатысты: оларлдың ішінде 4000 оқушылар, 1500 студент, БЖСМ 200 тәрбиеленушісі, 700 медицина қызметкері, 200 мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, 200 облыстық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, Павлодар қаласы әкімдігінің 100 қызметікері.

Орталық стадионның басты кіру орнында“Денсаулық” медициналық қалашығы жұмыс жасады, мұнда денсаулық сақтау  қызметкерлерімен (қандағы қант пен холестеринді, дене массасының индексін, артериалдық қысымды өлшеді) кеңес берілді. “Салауат”  және “Болашақ” Жастар денсаулығы орталығы мамандарымен жастар арасында қызықты тренингтер, конкурстар, сұрақ-жауап сайыстары өткізілді.  ПОСӨСҚО мамандарымен және «Балалар және жасатар ұйымдарының ассоциациясы» ҮЕҰ волонтерлерімен тілек білдіргендер арасында «Қол күрестіру палуаны» спорттық конкурсы өткізілді, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.

«Денсаулық фестивалі» барысында өткізілді:

üСпорт ардагерлері, Олимпиада ойындарының, Республикалық және Халықаралық жарыстар чемпиондарының, жүлдегерлерінің шеруі;

üЖАТТЫҒУ ЖАСАУҒА ТҰРЫҢДАР!» жаттығулар кешені;

üСпортсмендердің өнер көрсетуі (акробаттардың – гимнастердің, каратистердің, дзюдоистердің, таэквондистердің);

Биыл «Денсаулық фестивалі» Қазақстан республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Отбасы күні – 8 қыркүйекпен» тұспа тұс келіп отыр, сондықтан ата-аналар мен олардың балалары (ата-ана – балалар/студенттер – балалалар/оқушылар – балалар/балдырғандар). Эстафета аяқталысымен қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. «Фестивальдің» өткізілуі барысында эстрада артистері, көркем өнерпаздар ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Автор: Басқарма