Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында халық денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік саясат және денсаулық сақтау жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Павлодарда отырыс болды.

Дата: 2013-09-30 06:34:03
«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында халық  денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік саясат және денсаулық сақтау жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Павлодарда отырыс болды.

Комитет отырысының күн тәртібіне сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық негіздерін жетілдіру мәселесін, атап айтқанда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясындағы жұмыстардың барысын талқыланды.

Дәрігерлік қызмет көрсетулерге қол жеткізу және олардың сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, дәрігерлік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, медициналық академиялар түлектерін қызметке орналастыру, медицина саласы қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру, балалар және перзентхана мекемелерін қазіргі заманғы дәрігерлік құрал-жабдықпен жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысқа ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени комитетінің төрағасы Бижанов Ақан Хұсаинұлы, денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Мусинов СерікболРахимқанұлы, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын, ҚР Парламенті мен облыстық мәслихаттың депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени комитетінің төрағасы Ақан Бижанов айтқандай, өткен жылы халық денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауда елеулі табыстарға қол жетті. 2013 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі Ішкі жалпы өнімнің 3,8 пайызына жетті. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ағымдағы үш жылдық кезеңде республикалық бюджетте 1 641,1 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Өңір басшысы Е. Арын «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» тақырыбында баяндама жасап, бағдарламаның барлық бағыттары бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар аймақ әкімі сенаторлардың қолдауымен шешуге сеніп отырған бірқатар проблемаларды да атады. Алдымен медициналық ұйымдар желісін дамыту мәселесін айтты.

Осыған байланысты трансплантацияны қажет ететін науқастар саны артуда. Сондықтан Е. Арын сенаторларға осы санаттағы науастарға республикалық бюджеті есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгертулер енгізу мәселесін шешуді өтінді.

Бұдан кейін әкім кадрлық саясат жөнінде сөз қозғап, өңірде, әсіресе Павлодарда 118 дәрігер жетіспейтінін атап өтті. Басты мәселе – жас мамандарға арналған баспананың жоқтығы. Облыс әкімі парламентарияға «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын бюджеттік саланың жас мамандарына арналған ведомствалық тұрғын үй құрылысы бөлігін кеңейтуге рұқсат алуды өтінді. Бұл тек денсаулық сақтауда ғана емес, сондай-ақ басқа да бюджеттік саладағы кадр мәселелерін біршама шешер еді.

Жиында өңірдегі қан айналымы жүйесінен ауру және қатерлі дертке шалдығу өсімін зерттеу мәселелері де сөз болды.

Жолда көз жұму оқиғасын төмендету үшін сенаторлар автокөліктегі алғашқы жәрдем қорапшасындағы дәрі-дәрмек санын анықтайтын нормативтік құжаттарды қайта қарастыруды ұсынды.

Облыс әкімі мектеп оқушыларының денсаулығын да тілге тиек етті.

Отырыс соңында Комитеттің төрағасы А. Бижанов жиында көтерілген мәселелердің бірде бірі сенаторлардың назарынан тыс қалмайтынын айтты.

Комитеттің көшпелі отырысы аясында сенаторлар Павлодар қаласының  № 4 емханасы, Павлодар қаласындааймақтық кардиология орталығында, Кенжекөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясында, облыстық жедел жәрдем станциясында және «Баянтау» спорт сарайында болды.

Автор: Басқарма