Ақсу кентіндегі ШЖҚ «Ақсу қ. емханасы» КМК-ның дәрігерлік амбулаториясы
Ақсу кентіндегі ШЖҚ «Ақсу қ. емханасы»
КМК-ның дәрігерлік амбулаториясы
Денсаулық сақтау Министрлігі мен облыс әкімі Е.М. Арынның арасындағы "350 денсаулық сақтау саласының объектілері" жобасының "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі меморандумы бойынша Ақсу кентінде дәрігерлік амбулатория құрылды және өндіріске енгізілді ересектер мен балаларға бір ауысымда 100 келуге арналған.
Дәрігерлік амбулаторияда алғашқы медико-санитариялық көмек көрсетілетін болады: стоматология, физиотерапия, күндізгі стационар сияқты медициналық қызметтер кешені кіретін, тәулік бойы медициналық бақылауынсыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
Дәрігерлік амбулаторияда: дәрігерлер - 2 адам, орташа медициналық қызметкерлер - 8 адам, кіші медициналық қызметкерлер -2 адам, әкімшілік- шаруашылық қызметкерлер- 3 адам жұмыс істейтін болады.
Дәрігерлік амбулатория халыққа амбулаторлық деңгейде сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қазіргі құрал-жабдықтармен жабдықталған: қазақ тіліндегі дауыс жетекшілігі бар дефибриллятормен, он екіарналық электрокардиографпен, дистанциялық басқарылатын қазіргі гинекологиялық құрал-жабдықтармен, жинақталған жаңа стоматологиялық әмбебап құралмен, зертханалықпен және физиотерапевтикалық құрал-жабдықтармен, қандағы холестерин мен глюкозаны анықтау үшін биохимиялық экспресс талдағыштармен.
Дәрігерлік амбулаторияның құрамында мынадай кабинеттер бар: дәрігерлік пен дәрігерге дейінгі көмек, қан алу, физиотерапевтикалық, туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кабинеті, оңашалау бөлмесі, акушер-гинеколог кабинеті, стоматологиялық кабинеті, егу кабинеті, функционалдық диагностика кабинеті, психолог, дәріхана, 2 төсек-орынды күндізгі стационар.
Күндізгі стационарда дәрілік препараттармен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде жүргізілетін болады.
Дәрігерлік амбулаторияда Ақсу кентінің тұрғындары қол жетімді, мезгілді мен сапалы медициналық көмек алып отырады, ал бұл дегеніміз халық денсаулығын сақтау мен нығайту жөніндегі ел Президентімен қойылған міндетті орындауға тікелей мүмкіндік туғызып отыр.