Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облыстық маслихатының (XXIVкезекті сессия, V шақырылым) ШЕШІМІ

Дата: 2013-11-08 10:26:45
Павлодар облыстық маслихатының (XXIVкезекті сессия, V шақырылым) ШЕШІМІ

Жоба

 

Павлодар облыстық маслихатының

(XXIVкезекті сессия, Vшақырылым)

ШЕШІМІ

№/

 

Павлодар қ.                                                                                               2013жылы

 

 

          Қазақстан Республикасы бойынша

          емдеу мекемелері мен емдеу-алдын

          алу мекемелеріне емдеуге жіберілген

          Павлодар облысының тұрғындардың

          тегін немесе жеңілдікпен жол жүруін

          қамтамасыз ету туралы

 

              Қазақстан Республикасы  2009 жылғы 18 қыркүйектің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-пункті 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Павлодар облыстық маслихат ШЕШІМ қабылдады:

            1.Ағымды қаржылық жылға Павлодар облысы азаматтарына және олардың атқосшыларына (бір адамнан аспау керек) медициналық көрсеткіштері бойынша емдеу-алдын алу мекеменің арнайы мамандандырылған комиссиясы белгіленген үлгідегі жолдама берген болса Қазақстан Республикасы шегінде елдімекеннен тыс, жылында бір рет екі жаққа тегін (жеңілдікпен) жол жүруіне құқық берілсін.

 

            2.Онкологиялық, кардиохирургиялық, нефроурологиялық және туберкулез ауруына шалдыққан науқастарға және атқосшы тұлғаға (бір адамнан аспау керек), бейінді емдеу-алдын алу мекеменің арнайы мамандандырылған комиссиясы белгіленген үлгідегі жолдама берген болса,  жергілікті бюджет қорынан екі жақ жолға тегін (жеңілдікпен) жүруіне құқық берілсін.

          3.Елдімекеннен тыс Қазақстан Республикасы бойынша науқастарға және атқосшы тұлғаға, азаматтар республикалық медициналық мекемелерінде арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті стационарлық көмек нысанында «Павлодар облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің (әрі қарай – Басқарма) жоғары мамандандырылған медициналық көмек комиссиясы шешімі негізінде алған болса  жол жүру құны  облыстық бюджет қорынан төленсін.

          4.Елдімекеннен тыс емделуге жіберілген науқастардың жол ақысы келесі құжаттар негізінде төленсін:

    1) өтініш;

    2)жеке куәлік көшірмелері, (ЖСН туралы мәлімет);

    3Комиссияның емдеуге жіберген белгіленген үлгі жолдамасының көшірмесі (Госпитализация бюросы арқылы берілген, хаттаманың нөмірі мен күні көрсетілсін);

   4)Госпитализация бюросы арқылы берілген жоспарлы госпитализация талонының көшірмесі;

    5)республикалық медициналық мекеме берген сырқатнама үзіндісінің көшірмесі;

    6) карта базасында 20-санды есеп ашылған туралы хабарламаның немесе 20-сандық ағымды есебімен сақтау кітапшасының көшірмесі;

    7)ДКК анықтамасының көшірмесі (дәрігерлік консультациялық комиссия) атқосшы тұлғамен бірге жол жүру қажеттілігі болса);

    8)туу туралы куәлігі (балаға);

    9)республикалық медициналық мекемелерге жол жүріп барғаның расстайтын билеттердің тұпнұсқасы.

     Науқастың және оның атқосшы тұлғаның емдеуге барғаның расстайтын құжаттар емделіп келген соң екі айдан аса кешіктірмей ұсынулуы тиіс.   Науқастың және оның атқосшы тұлғаның емдеуге барғаның расстайтын билеттер жоғалтылған жағдайда, екі жақ жолдың құның растайтын анықтама ұсынылуы тиіс. Жоғары көрсетілген құжаттар Басқармаға ұсынылған жағдайда жол ақысын төлеуінен бас тарту мүмкін емес. Басқа құжаттар талап етілмейді.

         5.Медициналық көрсеткіштер бойынша елдімекеннен тыс жіберілген науқастарға және олардың  атқосшылары (бір адамнан аспау керек) теміржол (жатын бөлме вагонынан басқа) және қалааралық автокөлігінде  жол жүрген жағдайда жол жүру құны төленеді (екі жаққа).

        6. Медициналық көрсеткіштер бойынша елдімекеннен тыс жіберілген науқастар және олардың  атқосшылары (бір адамнан аспау керек) әуе көлігі арқылы ұшатын болса   жол ақысы жартылай төленетін болады (екі жаққа), темріжол көлігінің жедел поездің купе вагоны билетінің құнынан асырылмайды.

      7.Басқарма науқас пен оның атқосшысының жол құның төлесін.

      8.Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік және мәдени даму сұрақтары бойынша облыс маслихаты комиссиясына жүктелсін.

      9.Осы шешім бірінші ресми жариялауынан он күнтізбелік күн өткеннен соң әрекетке енеді.

 

      Сессия төрағасы                                                  Ш.Данбай

 

      Облыстық маслихатының хатшысы                 М.Күбенов  

Автор: Басқарма