2013 жылғы 2 жартыжылдығында Қазақстанда «Үздік пациент» атағына Республикалық конкурс өтеді
Дата: 2013-11-20 06:32:50

2013 жылғы 2 жартыжылдығында Қазақстанда
«Үздік пациент» атағына Республикалық конкурс өтеді
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының Елбасының 2012 жылғы 10 шілдеде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам" халыққа жолдау тапсырмаларын, сонымен қатар «Үздік пациент» республикалық конкурсы» өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 234 бұйрығын орындау шеңберінде, 2013 жылғы желтоқсан айында Денсаулық сақтау басқармасы мен Дәрілік ақпараттық-талдау орталығымен бірлесе отырып «Үздік пациент» атағына конкурс өтеді.
Бұл конкурстың мақсаты – дәрілік заттарға деген көзқарасы мен өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру. Іріктеу диспансерлік есепте тұрған пациенттер арасынан жүргізіледі. «Үздік пациент» атағына іріктеу критерийлері: өз денсаулығына деген жауапкершілік, дәрігердің барлық ұсыныстары мен тағайындауларын орындау, тамақтану мен емдәмді ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту, тұрақты түрде базис препараттарын қабылдау, қандағы қант, холестерин, триглицерид деңгейін төмендету, бір жыл ішінде негізгі дерттің асқынуының болмауы және тексеріс пен қарануға тұрақты келіп отыру болып табылады.
Осындай уәждемелі конкурсын өткізу пациенттің өз денсаулығына деген жауапкершілігі мен дәрілік заттарды қолдану туралы хабардар болуы, халықтың дәрі-дәрмек сауаттылығын арттыруға көмегін тигізеді.
Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының халыққа арналған 8 800 080 88 87бірыңғай телефон желісі құрылды. Қазақстан аумағында кез келген стационарлық телефоннан қоңырау шалу – тегін. Кез келген азамат дәрілік препараттары, олардың тиімділігі мен жанама әсері және тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрілерге құқықтары туралы ақпарат ала алады.
Денсаулығыңызды сақтаңыз!
ҚР ДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы»
Дәрілік ақпараттық талдау орталығы
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Абай көшесі, 115 үй, № 4 каб.
Тел.: 8 (7182) 32-10-62
Сайт: www.druginfo.kz, e-mail druginfo-pavl@mail.ru