Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің күнін тойлау қарсаңына
Дата: 2013-11-29 11:21:11

2013жылдың 29 қарашасында денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің күнін тойлау қарсаңына арналған салтанатты жиналыс өтті.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Қасымов қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Тұңғыш президенттің күнін тойлаудың басты мақсаты елбасының идеялары және саясатымен қоғамның нығаюы,еліміздің тәуелсіз жылдары,қазіргі кезде және болашақта тұрақты дамуының іргетасы екендігін өз сөзінде атап өтті.
Қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді.
Мемлекеттік қызметке қайта алынған қызметкердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Бөлім маманы лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны және мінсіз жұмысы үшін басқарма басшысының мақтау қағазымен марапатталды.