Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының жедел жәрдем қызметі және санитарлы авиацияны дамыту және жетілдіру бойынша мәжілісі өтті.

Павлодар қаласында 6 желтоқсанда Республиканың денсаулық сақтау Министірлігініңжедел жәрдем қызметі және санитарлы авиацияны дамыту және жетілдіру бойынша денсаулық сақтау басшыларының, жедел жәрдем қызметінің бас дәрігерлерінің, Қазақстанның барлық аймағындағы санитарлы авиация басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы денсаулық ақтау вице-министрі Ерік Әбенұлы Байжүнісовтың басшылығымен Республикалық мәжілісі өтті.
Мәжілістің негізгі тақырыбы тұрғындарға,әсіресе,еліміздің шалғай және қиын жетерлік аймақтарындағы ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қамтамасыз етуде көлікті медицинаның даму мәселесі болды.
Мәжілісте санитарлы автокөліктің саябағын жаңғыртуды өткізумен қатар қызмет көрсету сапасын жақсарту, парамедиктерді дайындау орталықтарын құру жайлы да сөз болды.
Мәжіліс барысында облыс әкімі Е.Арын жедел жәрдем бригадаларының жұмыс жылдамдығы 96%-ға көтерілді деп атап өтті.
Облыста әуе санитарлы авиатранспортының жұмысы жанданды,медициналық объектілердің құрылысы мен жөндеуі белсенді жүргізілуде,медициналық ұйымдардың материалды-техникалық базасы жақсартылуда,дәрігерлердің тапшылығын төмендетуде шаралар қолданылуда. «Қорытындылай келе біздің аймағымызда кадр тапшылығы 173-тен 15дәрігерге дейін төмендеді»,-деп Е.Арын атап өтті.
Мәжілісте атап көрсеткендей Е-жедел жәрдем медициналық қызмет жобасы медициналық персоналды рационалды қолдануға ерік береді және санитарлы автокөліктің жұмыс сапасын жақсартады.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісов Павлодар,Екібастұз,Ақсу қалаларының жедел жәрдем станцияларына заманауи ықшам медициналық құралдармен жабдықталған 8жаңа реономобиль және санитарлы авиация қажетіне ЕС-145 тікұшағын тапсырды.