2013жылдың 12желтоқсанында Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
2013жылдың 12желтоқсанында Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Басқарма басшысы Қасымов Нұрлан Қаукенұлы әріптестерін келе жатқан тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. «Мереке қарсаңында әрқашан біз өзіміздің үздік қызметкерлерімізді атап өтеміз.Бүкіл әлеммен мойындалған басты нәтиже- бұл егеменді,тәуелсіз Қазақстан.Саяси тұрақтылық та өте көрнекті,бейбітшілік,келісім,достық және біздің ортақ үйімізде тұратын түрлі халық өкілдерінің түсіністігі»-деп Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атап өтті.
Басқарма басшысы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күнімен медициналық ұйымдардың басшыларын және облысымыздың медициналық ұйымдарының қызметкерлерін құттықтап,Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыс етті.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жұмысшылары кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Аманжол Салықұлы Темербаев денсаулық сақтау саласындағы баға жетпес үлесі үшін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ. Қасымовқа «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.
Салтанатты жиналыстар тәуелсіздік күніне орай арналған барлық облыстық медициналық ұйымдарда өткізілуде.