Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Лебяжі ауданында Шарбақты ауылында жаңадан салыңған дәрігерлік амбулаториясы ашылды

Дата: 2014-01-09 14:12:36

Мемлекет тарапынан қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласын одан ары қолдау, ол саланың тиімді дамуы үшін айтулы іс–шаралар  жүргізілуде. Ауруханалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар салынуда, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық–техникалық базасы нығайтылуда. 2014 жылғы 6 қаңтарда осындай іс–шаралардың бірі болып Шарбақты ауылындағы аусымына 25 ересектер мен балаларды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның ашылуы болып отыр.Дәрігерлік амбулаторияда алғашқы медициналық–санитариялық көмек көрсетіледі: дәрігерге дейінгі және тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін білікті медициналық көмек, оның ішінде бекітілген тұрғындарға қол жетімді медициналық қызмет түрлері енеді. Күндізгі стационарды дәрі–дәрімектермен қамтамасыз ету тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі аясында жүргізіледі. Ел Президентінің халық денсаулығын сақтау және нығайту бағытында қойған талаптарына сәйкес дәрігерлік амбулатория Шарбақты және басқа да жақын ауыл тұрғындарына қол жетімді, сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетпек. Дәрігерлік амбулатория жалпы саны 2246 адамды құрайтын Шарбақты, Жабағылы, Төсағаш, Бесқарағай ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

 

Автор: Басқарма