2014 жылғы 16 қаңтарда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Г.К.Садыбеков Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.К.Қасымовпен бірлесе отырып, кейбір медициналық ұйымдарға барып келді.
2014 жылғы 16 қаңтарда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Г.К.Садыбеков Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.К.Қасымовпен бірлесе отырып, кейбір медициналық ұйымдарға барып келді. Кездесу барысында Г.К.Садыбеков мырза медицина ұйымдарының жұмысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары Г.К.Садыбековты толғандырған мәселелер: жасалатын оталардың түрлері мен көлемі, жаңашыл әдістерді қолдану, жабдықталу, электронды құжат айналымына көшу мәселелері, науқастардың дәрігер қабылдауына он-лайн жазылуы мен терминал арқылы жазылу (қоғамдық қолжетімділік пункті) жүйесінің мүмкіндіктері, маман-дәрігерлердің оқуы қайда өтетін, заманауи медициналық жабдықтар және т.б. Келу барысында салауатты өмір салтына, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға көп көңіл бөлінді