2014 жылғы 3 ақпаннан бастап 2014 жылғы 9 ақпанға дейін Тиімді перинаталдық күтімнің республикалық үйлестірушісі, ұлттық тренинг өтуде

ШЖҚ «№ 1 ПОПО» КМК-нда 2014 жылғы 3 ақпаннан бастап 2014 жылғы 9 ақпанға дейін Тиімді перинаталдық күтімнің республикалық үйлестірушісі, ұлттық тренинг, Астана қаласының «Ана және бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ң маманы, м.ғ.к. Г.Т. Омарова көшпелі тренинг өткізуде. Қатысушылар саны 50 адам, оның ішінде БМСК буындағы 25 медицина қызметкері, соның ішінде акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, «Антенаталды күтім» циклының акушерлері, стационарлық буындағы, 2 деңгейдегі Екібастұз, Ақсу қалалары перзентханалырының, 1 деңгейдегі Лебяжі, Успен ОАА-нан 25 медицина қызметкер. «Тиімді пернаталдық күтім» циклы .
Тренинг ДЖДҰ/ЮНИСЕФ ұсынылған қауіпсіз аналық қағидаттарына негізделген «Тиімді перинаталдық көмек» ұлттық бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Біздің облысымыздың өзекті проблемалары талқыланады: перинаталдық көмекті өңір-өңірге бөлу, ҚР ДСМ Сарапшылық кеңесімен 2013 (сәуір, қыркүйек, қазан) бекітілген диагностика мен емдеудің хаттамаларына сәйкес акушерлердің физиологиялық жүктілікті және босануларды жүргізуі. Тренинг барысында медицина қызметкерлері клиникалық аудит дағдыларын, 2013 жылғы 27 шілдедегі № 452 бұйрыққа сәйкес тиімді перинаталдық көмек сапасын ішкі бағалау индикаторларын қолдануды игеруде. Акушерліктегі қауырт жағдайлар кезіндегі праткикалық дағдылар жұмыс істеліп өтуде