2014 жылғы тегін дәрі-дәрмектермен тұрғындарды қамтамасыз етуге доллар бағамының жоғарылауының әсері болмайды.
2014 жылғы тегін дәрі-дәрмектермен тұрғындарды қамтамасыз етуге доллар бағамының жоғарылауының әсері болмайды.
Кез-келген салада біз әруақыт қаржылық жағдай өзгерістерін қадағалап отыруға тырысамыз. Бүгінгі күнде барлық БАҚ-ында теңге бағамының өзгеруіне орай бағалардың көтерілуі мәселесі жиі қозғалуда. Бұл жағдайдың 2014 жылдағы тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуіне кері әсері болмай ма? Тұрғындарды, медицина және фармацевтика қызметтерін осындай маңызды мәселелер төңірегінде ақпараттандыру мақсатымен Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы өзекті сұрақтарға жауап береді.
Бүгін доллар бағамының жоғарылауының тегін дәрі-дәрмектермен тұрғындарды қамтамасыз етуге әсері болмайтындығын сеніммен айта аламыз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, ЖШҚ «СК-Фармация» 2014 жылға амболаторлы науқастармен қоса стационарлы науқастарды да қамтамасыз етуге жетерлік дәрі-дәрмектер мен медицианлық бұйымдардың сатып алулары толыққанды жүргізілгендігін айтты.
Мұнымен қоса өзміздің отандық фармацевтикалық индустрия үлкен көмек көрсететіндей жағдайға жеткендігі де қуантады. Медициналық мекемелерге дәрілік заттарды бекітілген кестеге сай үздіксіз жеткізілім қаматамасыз етілді.
Соңғы екі жылда дәрілік заттарды сатып алу бағасы жоғарыламағандығын, ал кей тұстарда тіпті төмендегендігін ерекше атап өтуге болады. Мысалға айтатын болсақ, осы жылы отандық дәрілік өнімдер атауының 35% жуығы сатып алынған болатын (заттай көрінісі бойынша 75%).
2013 жылы Денсаулық сақтау министрлігімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілген болатын. Бүгінгі күнде дәрі-дәрмектердің құны мемлекттік тіркеу кезінде біздің республикамызға кіру сәтінен бастап-ақ тиянақталады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерді сатып алуда қатаң қадағалуалар бар, бұл қатал түрде тиянақталған көтерме және бөлшек үстеме бағалар.
Осылайша біз өзімізді ең қажет дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз өсуінен қауіпсіздендірдік. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мәліметтеріне сүйенсек негізгі өмірге қажет дәрі-дәрмектер бағасының кенет көтерілуінің алдын-алу мақсатында республикамыздың ірі дәріханалық мекемелерімен меморандумдар жасалатын болады.
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы дәрі-дәрмектер мен тегін дәрілерге халықтың құқытары жөнінде ақпарат алуда тұрғындар үшін үлкен көмекшіге айналады деген үміттеміз.
Біз Сіздерге көмек беру үшін құрылдық!
ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» РМК
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы