Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Шымкент қаласында 2008 жылғы 7 қарашада өткен кеңестің «Халық денсаулығы жағдайы және Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін дамыту» №01-7.18 хаттаманы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Шымкент қаласында 2008 жылғы 7 қарашада өткен кеңестің «Халық денсаулығы жағдайы және Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін дамыту» №01-7.18 хаттаманы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Ана және нәресте өлім-жітімін төмендету үшін шұғыл шаралар қолдану жөнінде Республикалық штаб құру туралы» № 667 бұйрығын орындау үшін Денсаулық сақтаудың вице-министрі Т.А. Вощенкованың басшылығымен Республикалық штаб құрылды.
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне келесі есептік айдың 5 күніне қарай ай сайын Мемлекет басшысын хабардар ету үшін денсаулық сақтау министрлігіне материалдарды ұсынумен ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қолдану үшін Әкімдердің орынбасарларымен өңірлік штабтар құру ұсынылды.
Облыс әкімінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен төрағасы – облыс әкімінің орынбасары Р.М. Жұмабекова, төраға орынбасары – облыс денсаулық сақтау басқармасының бастығы Г,К. Аубанова және хатшы- репродуктивті денсаулықты қорғау және емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бастығы Д.С. Мусиннің қатысуымен облыстық штаб құрылды.
2008 жылы 31 желтоқсанда облыстық әкімдікте Штабтың бірінші отырыс өткізілді. Тиісті тапсырмалар берілді.