2014 жылғы 19 ақпанда дәрілік құралдардың бағасын қалыпта ұстау туралы меморандумға қол қойылды.

2014 жылғы 19 ақпанда Павлодар облысы әкімдігінде әкімнің бірінші орынбасары атынан Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті» мемлекеттік мекемесі атынан Аубанова Гүлфаз Кенжетайқызы, «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан Қасымов Нұрлан Қаукенұлы бір тараптан және «Павлодар облысының КазМедФарм» дәрігерлері мен провизорлары ассоциациясы атынан Смағұлов Жанат Қалиақпарұлы, көтерме және бөлшек ұйымдары басшылары екінші тараптан дәрілік құралдар бағасын қалыпта ұстау бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында осы Меморандумға қол қойды.