Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

2014 жылғы 24 ақпанда №3 Павлодар қалалық ауруханасында Қазақстан эндохирургия қауымдастығыныңбіліктілікті арттыру циклы өтті

Дата: 2014-02-27 11:01:09
2014 жылғы 24 ақпанда  №3 Павлодар қалалық ауруханасында Қазақстан эндохирургия қауымдастығыныңбіліктілікті арттыру циклы өтті

2014 жылғы 24 ақпанда  №3 Павлодар қалалық ауруханасында Қазақстан эндохирургия қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Орал Базарбайұлы Оспанов басқарған «Астана медициналық университеті» АҚ-ның мамандары эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілікті арттыру циклын жүргізді.

Бұл цикл шеңберінде Павлодар облысы хирургтары үшін мастер-кластар өткізіліп, әртүрлі сырқаттағы асқазанға, өңешке ауыр, жоғары технологиялық кіші инвазиялық оталар жасалып жатыр.

Мұндай циклдарды өткізу «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мүмкін болып отыр.

Бұл мастер-кластар соңғы 3 жыл бойы жүргізіліп келеді, соның арқасында Павлодар облысының хирург дәрігерлері ішперде қуысы мүшелеріне қазіргі заманғы кіші инвазиялық оталар жасауды меңгеріп, іске енгізіп жүр.

Нәтижесінде осыған дейінгі уақытта тек Республикалық ғылыми орталықтарда және шетелде ғана көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек қазіргі таңда Павлодар облысы тұрғындарына да қолжетімді болып табылады.

Автор: Басқарма