Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 2009 жылы тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алу бойынша қайта тендер өткізетінін хабарлайды.

Дата: 2009-03-15 18:00:00

 

Облыстың медициналық ұйымдары үшін облыстық бюджет қаражатынан 2009 жылға кепілді тегін медициналық көмек көрсету көлемі үшін дәрі–дәрмек құралдарын сатып алу бойынша және бүйрек функциясының жетіспеушілігімен ауыратын және бүйрек ауыстырылып қондырылғаннан кейінгі науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, дәрі-дәрмек заттардың, диализаторлардың, шығын материалардың сатып алу бойынша Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы қайта тендір өткізеді.

ХПА бойынша дәрі-дәрмек құралдарын сатып алу тізімімен құжаттарымен дәрі-дәрмек құралдарын әкелу мерзімі мен орны, сатып алу көлемі, жіберілетін дәрі-дәрмек құралдарына талаптарды және әлеуетті жеткізушілеріне қойылатын талаптарын мына мекен–жайы бойынша алуға болады: Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 7-үй, немесе электрондық почта бойынша zhabagina.dz@pavlodar.gov.kz , дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімі. Тендерлік хабарламалар 2009 жылдың 16-шы наурыздағы сағат 12.15-ке дейін қабылданады, конверттердің ашылу мерзімі 16-шы наурызда 14.15 сағ. Қосымша ақпаратты және анықтаманы 559176 телефоны бойынша алуға болады.

Автор: Басқарма