Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Павлодар облысының медициналық қоғамымен кездесуі

Бүгін 19 наурызда Павлодарда ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекованың төрағалығымен Павлодар облысының медициналық қоғамымен кездесу өтті. Кездесуге Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібеков, ҚР ДСМ Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменттерінің директорлары, облыс медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.
Жолдауда Мемлекет басшысымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек - денсаулық сақтаудағы басты басымдылық екені белгіленді.
Осыған байланысты, Министр Салидат Қайырбекова мәжіліс қатысушалырының назарын Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберіндегі қаржыландыру бүгінгі күнде іс жүзінде медициналық қызметкерлерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысының нәтижелілігіне қол жеткізу үшін жағдайлар құруға мүмкіндік беретініне бағыттады. Басқарылатын ана мен сәби өлім-жітімділік жағдайларының жоқтығы, онкология мен туберкулезді ертерек анықтау 2050 жылға қарай 80 жас және одан аса болжалды өмір ұзақтығының деңгейіне жетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, пациенттер тарапынан шағымдардың жоқтығы да бірінші топтағы медқызметкерлердің жалақысына қосымша төлемдерді төлеуге мүмкіндік берді.
Министр қолданылатын шаралар туралы нақты айтып берді және ауыл тұрғындарына медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату қажеттілігіне көңіл аударды.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ) енгізу медициналық қызметтердің қол жетімділігін, соның ішінде ауыл тұрғындарына да артқанын ескерту қажет. БҰДЖ шеңберінде ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыру бүгінгі күнде іс жүзінде медициналық қызметкерлерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысының нәтижелілігіне қол жеткізу үшін жағдайлар құруға мүмкіндік берді.
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова Павлодар облысының медициналық ұйымдарына барып, ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіреді.