Нұр Отан» ХДП Павлодар филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау

Павлодар облысына сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі С.З. Қайырбекова Нұр Отан» ХДП Павлодар филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Облыс азаматтары тегін медициналық көмек көрсету, сақтандыру медицинасын дамыту, медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы көтеру, сонымен қатар, ЭКҰ-ға квота санын арттыру мәселелері бойынша сұрақ қойды.
Барлық келіп түскен сұрақтарға Денсаулық сақтау министрімен түсіндірулер мен толық жауаптар берілді.