Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі – С.З. Қайырбекованың Павлодар қаласының №4 емханасына келуі

Дата: 2014-03-19 12:31:25
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі –  С.З. Қайырбекованың Павлодар қаласының №4 емханасына келуі

2014 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі – Салидат Зекенқызы Қайырбекова Павлодар облысына жұмыс сапарымен келу барысында ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-на келді. Министр ұжыммен кездесті, алдын алу бөлімшесі және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің, жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімшесінің жұмыстары бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың басты кезеңдерімен танысты. Министр «кезексіз емхана» қағидасы, электронды құжат айналымына көшіру,  емделушілердің жазба он-лайны және терминал (қоғамдық қолжетімді пункті) арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу жүйесінің мүмкіншіліктері бойынша жұмыстардың ұйымдастыру мәселелеріне басты назар аударды. Министрдің назарына қолданыстағы тіркелімдерде және порталдарда, әсіресе амбулаторлық-емханалық көмек (АЕК), емделуге жатқызу бюросы (ЕБ), бекітілген тұрғындар тіркелімі (БТТ), дәрілікпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі (ДҚАЖ) және т.б. порталдардағы ұжымның жұмыс істеу мүмкіншіліктері ұсынылды.

Автор: Басқарма