Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық амбулаторлық хирургия мен гинекология орталығында, офтальмологиялық орталығында болды.
Павлодар облыстық ауруханасының офтальмологиялық орталығы 2008 жылғы қарашадан бастап пайдалануға берілді.
Оған 35 төсек орынға арналған стационарлық бөлімшесі, қабылдау бөлмесі, микрохиругриялық оперблок пен консультациялық- диагностикалық бөлімшелері кіреді.
Офтальмологиялық орталық көру мүшесінің ауруларын, торқабық ауруларын лазерлік емдеу, катаракт, глаукома, қыликөзділік кезінде хирургиялық емдеу, қабақ аурулары және көз жас аппаратымен толық диагностикалауын өткізетін заманауи диагностикалық аппаратурамен жабдықталған
2013 жылғы қаңтарда орталық «Инфинити» операциялық заманауи микрохирургиялық жүйесімен жабдықталған.
Павлодар облысында жыл сайын катаракт ауруымен 3000 аса емделуші тіркелді.
Жылына Павлодар офтальмологиялық орталығында жасанды көзбұршақ ауыстыруымен катаракты жою бойынша 1400-1500 операция жасалды, онын ішінде 60-70% ИОЛ-ды ауыстырып қондырумен катарактың факоэмульсификациясы жасалады.
Сонымен қатар, глаукома, қыликөзділік, оптиканы қайта құру операциялары, амбулаторлық хирургиялық араласудың барлық түрлері бойынша көру мүшесінің қосымша аппаратына барлық микрохирургиялық операциялары орындалады.
Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасында амбулаторлық хирургия мен гинекология орталығы 2012 жылғы 04 маусымда 20 орынға ашылды. Амбулаторлық хирургия мен гинекология орталығының ашылуы қалалық емханалардың амбулаторлық хирургиясын біріктіруге мүмкіндік берді. Жыл қорытындысы бойынша амбулаторлық хирургия мен гинекология орталығында 2226 науқас емделді, оның ішінде гинекологиялық --1033 (46,4%), офтальмологиялық -760 (34,1%), хирургиялық -157 (7%), травматологиялық -99 (4,4%), лор науқастары– 97 (4,3%), урологиялық - 80 (3,5%).
2013 жылдың аяғында Амбулаторлық хирургия мен гинекология орталығында мына операция түрлері енгізілді: лапароскопиялық холецистэктомия, шаб жолдарыныңлапароскопиялық протездеуі, бұл төсек-күндерін азайту есебінде науқастың шығындарын қысқартуға әкелді.