Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Қазақстан халқының Бірлігі күнін өткізу туралы

Дата: 2014-05-12 09:47:53
Қазақстан халқының Бірлігі  күнін  өткізу туралы

Қазақстан халқының Бірлігі  күнін  өткізу туралы

Қазақстан- бұл 150 ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын  көпұлтты  ел. Осы ұлттарды  топтастыру  үшін еліміздің  үкіметімен  түрлі  іс-шаралар  өткізіледі, солардың бірі-  Қазақстан халқының Бірлігі  күнін  мерекелеу болып табылады. Көктемнің бұл  жайдары  мерекесі  Қазақстанның әр қаласында, орталық көшелері бойымен шерулер мен парадтар,  сондай-ақ  көптеген  ойын-сауық іс-шаралары  түрінде өткізіледі.  

Мерекеге біздің еңбек ұжымы да қатысты. Негізгі мерекелік шеру Павлодар қаласының Ак. Сәтбаев атындағы орталық алаңы бойымен өтті. Мерекенің  ең  басты шарықтау сәті этномәдени көрме болды. Бұл өзіндік ерекшелігі бар  мини-мұражайлар еді, мұнда  біздің  қызметкерлеріміз түрлі ұлыстардың  ұлттық киімдерін, тұрмыстық заттарын,  сән бұйымдары көріп тамашалады.Мереке қарсаңында  ұжым күшімен  мерекелік концерт ұйымдастырылды, концерт соңында  түрлі ұлттардың  ұлттық тағамдарынан дастархан жайылды. 

Автор: Басқарма