Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Қатерлі жаңа өспе ісіктерін ерте айқындау, емдеудің жаңа үлгісін дайындау және енгізу»

Дата: 2014-05-13 11:42:19
«Қатерлі жаңа өспе ісіктерін ерте айқындау, емдеудің  жаңа үлгісін  дайындау және  енгізу»

Павлодар  аймағындағы  мемлекеттік  тапсырыс нысанындағы   «Қатерлі жаңа өспе ісіктерін ерте айқындау, емдеудің  жаңа үлгісін  дайындау және  енгізу»

2014-2016  жылдарға арналған  пилоттық  жобаны  жариялауға

 

         Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасында  Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмектің  дамуы»  бағдарламасы  жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама  шеңберінде  аймақтарда онкологияның Ұлттық  ғылыми орталықтарының құрылуы сияқты    іс-шаралар жоспарланған.    Бағдарламаның  барлық  іс-шаралары емделушілерге диагностикалау және  емдеу жүргізудің  барлық кезеңдеріне  халықаралық  хаттамаларды енгізуге   бағытталған.

                  Еліміздің жұртшылығына онкологиялық көмек  көрсету  саласындағы қызмет  көрсету  сапасын  арттыру  бойынша  іс-шаралар  дайындау жөнінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрлігінің тапсырмасы шеңберінде,  «Ұлттық  медициналық холдингі» АҚ  2014-2016 жылдарға арналған «Қатерлі жаңа өспе ісіктерін ерте айқындау, емдеудің  жаңа үлгісін  дайындау және  енгізу» атты  бағдарлама әзірледі.

         Бағдарламаның  әдістемелік негізіне қатерлі жаңа өспе ісіктерінің  негізгі топтарын  ерте айқындау және  емдеу қағидалары   жатады, осыған орай диагнозын  анықтауда  1 жыл ішіндегі өлім-жітім деңгейі 50%артпайды.

         Өлім-жітімділіктің жоғары болу себебін талдау негізгі себептері мыналар екенін көрсетті: ісіктік  үрдістің соңғы сатысында орналасу мәліметтерінің    айқындалуы,  обыралдылық ауруларға   бірінші медико-санитарлық  көмек көрсету  деңгейіне  мониторингінің жеткіліксіз болуы. Көпшілік  мақұлдаған  скринингтік   бағдарламалардан  жоспарланған  пилоттық жобаның  негізгі  айырмашылығы- халықтың жас сипатына байланысты емес, қайта көптеген себептердің болуына, оның ішінде  обырдың жасару беталысына байланысты болатын, обыралды  аурулардың  диспансерлік топтары  бойынша,  декреттелген  топтарына бағытталған.   

         Аталған қатерлі  жаңа өспелердің әр қайсысын диагностикалау алгоритміне жататын бірқатар обыралды  аурулар  анықталды.  Бұл  обырды  ерте  сатыларында  айқындауға  және оны  халықаралық хаттамалар NCCN (АҚШ-тың Ұлттық обыр институты) бойынша  облыстық және  республи-калық  деңгейде емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

          Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ  бір топ мамандары  12.05.2014 ж. бастап  біздің облысымызда жұмысқа кірісті. Топ құрамында- «Ұлттық медициналық холдингі»  АҚ  Басқармасының төрағасы KennethAlibek және АҚШ-тың Питтсбург университетінің медициналық  орталығы- UPMC академиялық әріптестігінің өкілдері бар. Жұмыс  шеңберінде  бірінші буын медицина қызметкерлерімен  кездесулер өткізіліп.

          Жобаны жүзеге асыру қорытындысы болып  қатерлі  жаңа өспелерді  айқындаудың  ұлғаюы,  көрсетілген   нозологиялардың  бір жылдық өлім-жітімділігінің бақылау  топтарындағы  нәтижеден 10%-ке төмендеуі,  Қазақстан Республикасындағы  қатерлі жаңа өспелерді  ерте   диагностикалау және  емдеу ісін жүзеге  асыру  бойынша  бірыңғай  республикалық  әдіснама жасау болып табылады.

 

         

Автор: Басқарма