2014 жылғы 31 мамырда Медицина қызметкерлері арасында 3 - облыстық спартакиаданың өткізілуі туралы

2014 жылғы 31 мамырда “Усолка” шаңғы базасында Павлодар облысының медицина қызметкерлері арасында 3 - облыстық спартакиадасы өткізілді. Спартакиада спорттың 6 түрі бойынша өтті. Атап айтқанда: шағын футбол (ер адамдар арасында), волейбол (әйел адамдар арасында), жеңіл атлетикаллық кросс, арқан тарту, гір көтеру, қол күрестіру.
Жалпы алғанда 25 емдеу алдын алу ұйымдарының 812 қызметкерлері өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті.