Павлодар облысының медициналық қызметкерлерінің КВН-і.

Біздің облысымыздың медициналық қызметкерлері жыл ішінде тек қана «Мамандық бойынша ең үздік» конкурсында өз кәсіби білімдерінің деңгейін, біліктілігін көрсетіп қана қойған жоқ, сондай-ақ көңілді тапқырлар сайысынан жарысты.
Биылғы жылы Павлодар облысының медициналық қызметкерлер арасында көңілді тапқырлар клубының екінші маусымы өткізілді. Павлодар облысы медициналық қызметкерлерінің көңілді тапқырлар клубының 2014 жылғы жеңімпазы – Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының командасы болып табылады.