Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Ерлер денсаулығының мектебі»

Дата: 2014-07-02 11:25:20
«Ерлер денсаулығының мектебі»

26 маусым күні ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» ғимаратында терапевт, уролог, дерматовенеролог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлері үшін, «Академик Б.У.Джарбусынов атындағы урологияның ғылыми орталығы» АҚ бас директоры, м.ғ.д., профессор М.К.Алчинбаевтың, «Кардиология мен ішкі ауруларды ЗҒИ» директоры, м.ғ.д., профессор С.Ф.Беркинбаевтың, Қазақстанның алдын алу медицинасының академигі, м.ғ.д., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Е.Зельцердің, Москва қаласының Уронефрология мен адамның ұрпақ жаңғырту денсаулығын ЗҒИ м.ғ.д. З.К.Гаджиеваның қатысуымен «Ерлер денсаулығының мектебі» конференциясы өткізілді.   

Науқан шеңберінде Облыстық диагностикалық орталықта науқастардың  талдауларды тапсыруы мен «Павлодар ауданының емханасы» КМҚК ғимаратындағы «Ерлер денсаулығы мен отбасылық көп жасау»  орталығында эндокринолог, уролог, кардиолог дәрігерлерінің, тар көлемді мамандардың кеңестік қабылдаулары ұйымдастырылды.

27 маусым күні «Академик Б.У.Джарбусынов атындағы урологияның ғылыми орталығы» АҚ бас директоры, м.ғ.д., профессор М.К.Алчинбаевпен облыстық төтенше жағдайлар Департаментінде «ҚР  ерлер денсаулығы мәселесіне қазіргі көзқарас» тақырыбына дәріс оқылды.

Автор: Басқарма