Қарағанды қаласында тұңғыш рет мемлекеттік жастар саясатының келешегі мен ведомствоаралық әрекетті нығайту бағытында аймақаралық семинар-тренингтерде қатысу туралы.

2014 жылдың 15-16 тамызында таңғы Қарағанды қаласында «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда ведомствоаралық іс-қимыл түрлерін жетілдіру» және «Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау: аймақтық аспект» тақырыптарын арқау ететін семинар-тренингтері өттіі. Онда Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының мемлекеттік органдары, жастар ресурстық орталықтарының, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты оның ішінде Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасыныңөкілдері.
Мақсат – мамандардың біліктілігін арттыру, білім көкжиегін кеңейту, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерді талдамалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің біртұтас жүйесін қалыптастыру.
«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысында ведомствоаралық іс-қимыл түрлерін жетілдіру» тақырыбындағы семинар-тренингте мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту басымдықтары мен тетіктерінің түйіткілді мәселелері, негізгі үлгілері қаузалады. Кейінгі толқынның өзін-өзі ұйымдастыруына, салааралық байланысты нығайтуға септесетін www.zhihanger.kz сайтының тұсауы кесілмек. Семинар барысында ұжымдық ойлау жүйесін дамытуды көздейтін «Зерайна» және «Болашаққа сапар» технологияларына иек артылды.
«Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау: аймақтық аспект» тақырыбындағы семинар-тренингте жергілікті атқарушы биліктің жұмысын жоспарлау, сараптау және бағалау үрдісін ұйымдастыру әдістері мен қағидалары ортаға салынды. Оның әрқасында облыс аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаларына ендірілетін тың индикаторлар (жастарға қатысты) бойынша ұсыныстар дайындалды.
Семинар-тренингтер ойлау қызметін белсендетуге, барлық қатысушыларды тартуға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің көмегімен өткізілді. Оның ішінде ой-талқы, ой көкпар, пікірталас, шағын топтағы жұмыстар болды.
Оқыту шарасы ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің қолдауымен, ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің тапсырмасымен қолға алынды. Семинар-тренингтерді Астана қаласындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары өткізді.