«Мамандыққа ие болу»
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы ««Саламатты Павлодар» медициналық қызметкерлер Ассоциациясы» қоғамдық бірлістігімен бірлісіп жас медициналық қызметкерлерге «Мамандыққа ие болу» акциясын жүргізді.
Біздің облысымызда алғаш рет Қазақстан Республикасының медициналық оқу мекемелерінің 2014 жылғы жас мамандар түлектерін салтанатпен құрмет көрсету мерекесі өтті.
Осы салтанатты шарамызда облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының әр түрлі мамандырылынған орта буынды медициналық қызметкерлер мен жас дәрігерлер қатысты, оларға фонендоскоптар сыйланды.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Каукенұлы Қасымов атап кеткендей, Павлодар аумағында 373 емдік-алдын алу ұйымдар қызмет көрсетуде, онда 2,5 мың дәрігерлер мен 6 мың орта буынның медициналық қызметкерлерден астам еңбектейді.
Жылдан жылға жоғары білікті және мамандырылған медициналық көмек көрсетуінің жаңа жолдамалары өз дамуына жетеді. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен ЕНСЗ негізгі принциптері ойдағыдай енгізіледі.
Жыл сайын біздің аумағымызға республикамыздың жоғары және орта медициналық оқу орындарының түлектері келіп тұрады. Мысалы 2013 жылы 123 жас маман келді, ал 2014 жылы 130 маман, олар қазіргі уақытта облыстың медициналық ұйымдарына жұмысқа орналастырылды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жас мамандарға алдағы жұмыстарында табыс тіледі.