Созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бойынша жобаны енгізу
2014 жылдың қараша айынан Павлодар қ. (1,2,3,5) емханаларында созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бойынша жобаны енгізіледі
Осы жобаның мақсаты ауруханаға жатқызудың төмендеуі, емделушінің өз денсаулығына ынтымақты жауапкершілікті жоғарлату, жедел көмекке жүгінулерді азайту, дәрігердің жүктемесін төмендету, өмір сапасын жақсарту, созылмалы жұқпалы емес ауруларымен емделушілердің өзіне өзі көмек көрсету/өзіне өзі менеджментіне оқыту.
Осы жобаның енгізу және созылмалы аурулары бойынша жағдаймен танысу шеңберінде, Павлодар қ. Канадан халықаралық кеңесшілер Д-р Майк Хайндмарш и Джесси МакГоуан келді. Емделушілерде созылмалы ауруларын жүргізу бойынша халықаралық тәжірибелері бар кеңесшілер Қазақстан денсаулық сақтау жағдайларына бейімді созылмалы жұқпалы емес ауруларын басқару бойынша жобаны енгізуге көмектеседі.
17 қарашада халықаралық кеңесшілер денсаулық сақтау басқарма деңгейінде осы жобада істейтін, емхана менеджерлері және медициналық қызметкерлерімен кеңес өткізді.
18 – 19 қарашада кеңесшілер танысу мақсатында, Павлодар қаласының емханаларына барады. Алдағы уақытта емделушілермен жұмыс істеу үшін үнемі негізінде медициналық қызметкерлердің оқытуы жүргізіліп тұрады.