Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Финляндиядан халықаралық сарапшылардың сапары

Дата: 2015-04-16 10:59:47
Финляндиядан  халықаралық  сарапшылардың сапары

2015 жылғы  сәуірдің 8-нен 10 аралығында  Финляндияның  қолданбалы  ғылымдар  Университетінің  сарапшылары  Йоханна Хеиккиле, Ханнеле Тииттанен   және  «Республикалық денсаулық сақтау ісін  дамыту орталығы»  ШЖҚ-ғы РМК медициналық білімді  дамыту  орталығының бастығы  З.А.  Байгожина     Павлодар медициналық колледжіне  келіп кетті.

         Сапар мақсаты – «Медбикелік іс» мамандығы бойынша  қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша білім сапасының мониторингісін  өткізу.

          Сапар бағдарламасына енді:  колледж бойынша экскурсия, қолданбалы  бакалавриаттың  білім беру  үрдістері мен  оқу жоспарын  жасауға  жауапты тұлғалармен, оқытушылармен,  студенттермен,  жұмыс берушілермен кездесулер,  симуляциялық орталыққа қатысу.

         Сарапшылар  алдын ала қорытынды нәтижелерін ұсынды:  Павлодар медициналық колледжінде «Медбикелік іс» мамандығы бойынша  қолданбалы бакалавриаттың  білім беру бағдарламасын жүзеге асыру  ісі  табысты  өтуде.  Клиникалар мен поликлиникалар  қазақстандық денсаулық сақтау  жүйесін  қолдау мақсатында, халықаралық  стандарттарға  сай, жоғары білікті жаңа медбикелерге  мұқтаж.   

Автор: Басқарма