Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Мичурино ауылында дәрігерлік амбулатория ашылуы

Дата: 2015-06-25 12:07:27
Мичурино ауылында дәрігерлік амбулатория ашылуы

       Қазіргі уақытта мемлекет халықтың денсаулығын сақтауға көп назар аударады. Ел басы Қазақстан халқына жолдауында басты басымшылығының бірі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту анықталған. Мичурино ауылында дәрігерлік амбулаторияның ашылуы белгілі бір дәрежеде осы мақсаттарға жетудің амалы.          Өткенде, медициналық ұйымның жеке меншік ғимараты болған жоқ. Бүгінгі таңда облыста әлеуметтік объектілердің құрылысы жалғасуда. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен құрылысқа және құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге 125 миллионнан астам теңге бөлінген. Амбулаторияда ауылдықтарға медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалынған, күндізгі стационарда төсек орындар бар. Бұл Павлодар ауданында денсаулық сақтаудың құрылған бірінші объектісі емес. Тек былтырғы жылы ауданда Новоямышево ауылында дәрігерлік амбулатория және  Госплемстанция ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктісі қолданысқа енгізілді. Жыл сайын санитарлық автокөлік паркі жаңартылып отырады. 2014-2015 жылдары 24,4 млн. теңге соммасына  ауданның ауылдық медициналық ұйымдарына 6 бірлік автокөлік сатылып алынды. Оның ішінде1 санитарлық автокөлік Мичурино ауылының амбулаториясына берілді. Бұл барлығы көрнекті растау фактісі, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясаттың басымшылығы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, демек азаматтарға медициналық көмектің сапасын арттыру болып табылады.

Автор: Басқарма