Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі В.А. Цойдың мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мекемелерінің басшыларымен кездесуі
2015 жылғы 10 тамызда Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасында "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформаларын, "100 нақты қадам" ұлттық жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы республикалық ақпараттық топ мүшелерімен бірге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цоймен кездесу өткізілді.
Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарына қарасты ведомства басшылары қатысты.
А.В. Цоймен кездесу барысында "100 нақты қадам" ұлттық жоспарды жүзеге асыру бойынша түсініктеме жұмыстары өткізілді, соның ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бағыттарының маңызы туралы айтылды.