Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

"Облыстық кардилогиялық орталығында" Ш. Немото және К.Канто жапон мамандарының шеберлік сабағы

Дата: 2015-08-13 13:44:21

"Облыстық кардиологиялық орталығының" мамандары жапон мамандарымен ынтымақтастық аясында, тамыздың 3 мен8 аралығында, Осака қаласы институтының профессоры, кардиохирург Шинтаро Немото туғанына 10 күн мен 10 жасқа дейінгі балалардың жүрегіне ашық тәсілмен бірнеше күрделі оталарды жасады.

Жапон әріптесінің айтуы бойынша, неонаталды хирургия немесе басқаша айтқанда жаңа туған нәрестелердің хирургиясы – заманауи медицинаның ең күрделі саласының бірі. Мұнда ең бастысы уақытылы диагноз, өйткені кейбір ақауларды нәресте өмірінің тек алғашқы күндерінде түзетуге болады. Жүктілік кезінде ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуіне үлкен назар аудару маңызды болып табылады. Профессор, Осака қаласы институтының кардиологы Киши Канто осы саладағы тәжірибесімен бөлісті. Туғанына 20 күн мен 22 жасқа дейін аралығындағы 65 бала жапон сарапшысының диагностикасынан өтті.

Шинтаро Немото және Киши Канта неонаталдық хирургия мен диагностикалаудың заманауи стандарттарын енгізуге көмектесті. Орталық жабдықталуын және қазақстандық кардиохирургтердің жетістіктерін жоғары бағалады.

Автор: Басқарма