Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына қатысты

Дата: 2015-08-27 13:27:16
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

Қазақстан Республикасында жыл сайын "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл акция жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылырының оқушыларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.

Аталған акцияда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұжымы, "Облыстық онкологиялық диспансері", "Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы", "№1 қалалық ауруханасы" мекемелерінің ұжымдары қатысты.

Акция шеңберінде Павлодар қаласының көп балалы отбасының 4 баласына көмек көрсетілді. 

Оқушыларға жалпы 298000 мың теңгеге мектеп формалары, спорттық костюмдері, сезондық спорт аяқ киімдері, бас киімдер, күрткелер, сөмкелер, портфелдер мен кеңсе заттары алынды.


Қайырымдылық акцисына тағы да басқа медициналық мекемелер қатысты.

Автор: Басқарма