Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында облыстағы қала және аудан медициналық мекеме басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына арналған мерекелік шара өткізілді

2015 жылғы 26 тамызда Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында облыстағы қала және аудан медициналық мекеме басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына арналған мерекелік шара өткізілді.
Салтанатты түрде "Павлодар қаласының №1 емханасының" бас дәрігері Смаков Советхан Базарұлына және Ертіс ауданының орталық ауруханасының дәрігері Аужанова Алмагүл Қоқайқызына "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" мерекелік медальдар тапсырылды.
Басқарма басшысы Қасымов Нұрлан Қаукенұлы жиналысқа қатысқан мамандарды Республикамыздың Конституциясына 20 жыл толуымен құттықтап, келе жатқан мерекенің маңызын баса айтып, бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі.