Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара

Дата: 2015-08-28 12:42:29
Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара

2015 жылғы 28 тамызда Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына арналған мерекелік жиналыс өтті.

Жиналыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын тыңдаудан басталды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ. Қасымов құттықтау баяндамасында біздің егеменді мемлекетіміз үшін, әр азамат үшін мерекенің айрықша мәнін баса айтты.

Баяндамада Конституцияға оның қабылданған кезінен бастап енгізілген түзетулерге, сондай-ақ, Қазақстан халқы денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған, құқықтық нормаларына аса назар аударылды.

Салтанатты жиынның жалғасында басқарманың қайта қабылданған мемлекеттік қызметкер ант қабылдады.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде 20 және одан аса жыл жұмыс істеген басқарма мамандарына Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл"мерекелік медалі , "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" төс белгі, сондай-ақ басқарма басшысының  құрмет мадақтамалары табысталды

Автор: Басқарма