Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Хирургия және онкологиядағы жаңа эндоскопиялық технологиялар» тақырыбы бойынша «Эндоскопиялық хирургтердің Қазақстандық Қауымдастығы (ЭХҚҚ)» V Конгрессі

Дата: 2015-09-10 13:06:35
«Хирургия және онкологиядағы жаңа эндоскопиялық технологиялар» тақырыбы бойынша «Эндоскопиялық хирургтердің Қазақстандық Қауымдастығы (ЭХҚҚ)» V Конгрессі

Павлодар қаласында 2015 жылғы 10-11 қыркүйек аралығында «Эндоскопиялық хирургтердің Қазақстандық Қауымдастығы (ЭХҚҚ)» V Конгрессі «Хирургия және онкологиядағы жаңа эндоскопиялық технологиялар» тақырыбы бойынша Арвинд Кумар (Үндістан), Яшков Юрий Иванович (Мәскеу қ., Ресей), Ефанов Андрей Владиславович (Тюмень қ., Ресей) шетел мамандарының қатысуымен өтуде.

Конгресстің салтанатты ашылуында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Н.В. Дычко қатысты.

Бүгінгі күні эндоскопиялық хирургия, қазіргі заманға лайық хирургия түрлерінің ішіндегінің бірі, бұл ауыр оталарды үлкен тілік жасаймай-ақ, тиімді жасау мүмкіндігіне ие.

 2015 жылдың 8-9 қыркүйекте конгресс аясында Павлодар облысының 4 жетекші ауруханалар базасында Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы, Облыстық балалар ауруханасы, Облыстық онкологиялық диспансері және Павлодар қаласының №1 аурухансында қазақстандық және шетелдің эндохирургиядағы көшбасшылары 35 хирургиялық мастер-класстар өткізді.

Мастер-класстар да аумақтың мамандары өте сирек оталарды практикалық түрде байқауға және ассистент ретінде қатысу мүмкіндігін алды.

Павлодар облысының кең ауқымды мамандары үшін арналған оқу. «тірі» түрде оқумен қатар, медициналық мекемелердегі операциялық бөлімдегі оқытушы мен конференц-залда оқығандардың арасында бейне және аудио байланыс жүргізілді.

Эндохирургияны дамытудағы зор үлес қосқандары үшін- Эндоскопиялық хирургтердің Қазақстандық Қауымдастығы Қазақстандық және шетелдің үздік хирургтеріне жоғары наградалар берілді. «Алтын лапароскоп» құрмет наградасын Павлодар облысының бас хирургі Мұхамбетов Әлімжан Қайырбекұлы алды.

Конгрессте 100-ден  астам мамандар қатысты.

Автор: Басқарма