Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылында жаңа амбулатория ашылды
2015 жылғы 17 қыркүйекте Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқарма басышысы Нұрлан Қасымов, аудан әкімі Серік Батырғұжинов және ауыл тұрғындары қатысты.
Дәрігерлік амбулатория «Жол картасы – 2020» және «Ауыл аймағында орналасқан 350 ФАП-тар және дәрігерлік амбулаториялар» бағдарламаларының аясында салынған.
Нысан толығымен заманауи техникалық құрал жабдықтармен қамтылған. Тұрғындар үшін 4 адамға шақталған күндізгі стационар және зертханалық бөлмелер қарастырылған. Сондай-ақ, жаңа нысанда скринингтік зерттеу, физиотерапевтік емдеу шараларын жүргізуге, геникологиялық тексеріс пен зерттеу жұмыстарына арналған микроскоп және де басқа да жаңа үлгідегі аппараттар қойылған. 1705 тұрғыны бар қожамжарлықтарға 1 дәрігер мен 5 медбике көмек көрсетеді. Сонымен қатар халық игілігі үшін жедел жәрдем көлігі де берілген.