Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облысының денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында облыстық туристік слет өтті

Дата: 2015-10-08 10:15:43
Павлодар облысының денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында облыстық туристік слет өтті

Павлодар облысының денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында 2015 жылғы 3 қазанда жыл сайынға облыстық туристік слет өтті.

Осы жылы слет Павлодар облысы Заңғар поселкесінің аумағында болды.

Павлодар аумағының 28 командадан құралған 200-ден аса медицина қызметкерлері әр түрлі спорттық және мәдени шараларға қатысу үшін жиналған.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Каукенұлы Қасымовтың командаларды құруымен және құттықтауынан соң, слет қатысушыларын  спорттық бағдарламалар күтіп тұрды.   Медицина қызметкерлері барлық жарыстар кезеңдеріне жоғары дайындық пен жауапкершілікпен жақындады.

Жалпы командалар қорытындысы бойынша, бірінші орынды Павлодар облысының стоматологиялық емханасының командасы, екінші орынды – Екібастұз қаласының командасы және үшінші орынды   Павлодар қаласының №1 емханасы ие болды.

Барлық слет қатысушыларының ортақ байланысы, ол өз медициналық қызметкер мамандығына деген сенімділік пен көңілді салауатты рух болды. Осымен медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын дәлелдеді.

Автор: Басқарма