"Кітапханаға кітап сыйла" жалпықалалық акциясына қатысу
"Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі Павлодар облыстық "Қазақ тілі" қоғамымен бірге "Кітапханаға кітап сыйла" жалпықалалық акциясын ұйымдастырды.
Акция мақсаты - қала кітапханаларының қазақ тіліндегі кітап қорын толықтыру.
Акция 2016 жылғы 11 қаңтардан бастап 21 наурызға дейінгі аралықта өтеді.
"Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" ММ-сі, осы акцияны қолдап, белсенді қатысты.
Жиналған кітаптар 2016 жылдың 12 ақпанында кітапханаға тапсырылды.