Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңы талаптарын сақтау мәселелері жөнінде семинар-кеңес

Дата: 2016-07-29 18:40:52
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңы талаптарын сақтау мәселелері жөнінде семинар-кеңес

IMG_3386

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасында 2016 жылғы 27 шілдеде сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңы талаптарын сақтау мәселелері жөнінде семинар-кеңес «Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Канкин Жанболат Даурешұлымен өткізілді.

Павлодар облысы медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, кадлар қызметінің мамандары және азаматтардың өтініштері бойынша жауапты тұлғалар кеңеске қатысты.

Семинарды өткізу барысында қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Автор: Басқарма