Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл халықтың денсаулығын қорғау саласындағы әлеуметтік мүдделерін қорғайтын мемлекеттік жүйе»

Дата: 2016-08-15 12:01:37
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл халықтың денсаулығын қорғау саласындағы әлеуметтік мүдделерін қорғайтын мемлекеттік жүйе»

IMG_3425

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасында 2016 жылғы 12 тамызда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл халықтың денсаулығын қорғау саласындағы әлеуметтік мүдделерін қорғайтын мемлекеттік жүйе» тақырыбында Павлодар облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері үшін семинар өткізілді. Семинар ШЖҚ «Павлодар облыстық терівенерологиялық диспансері» КМК Битигова Гүлнара Қайырқызы – бас дәрігері өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

Қазақстан Республикасында 2018 жылдан бастап қандай денсаулық сақтау жүйесі болады, МӘСМ жүйесі қалай жұмыс істейді, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры деген не, МӘМС жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілі көлемі аясында қандай қызмет тұрлері бар.

Павлодар облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері қойған сұрақтартарға түсініктемелер берілді

Автор: Басқарма