№1 Павлодар қалалық ауруханасының 60-жылдық мерейтойы
Дата: 2016-09-08 06:35:23

2016 жылғы 8 қыркүйекте №1 Павлодар қалалық ауруханасының 60-жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Салтанатты жиылысқа денсаулық сақтаудың ардагерлері, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, медициналық ұйымдардың ұйымдары, медициналық қоғамның өкілдері қатысты. №1 Павлодар қалалық ауруханасының даму тарихы туралы фильм көрсетілді. Павлодар облысы әкімінің атынан №1 Павлодар қалалық ауруханасына автокөліктің кілті берілді. Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жан аянбай еңбегі, Павлодар облысы тұрғындарының денсаулығын сақтағаны, өңірдегі ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтқаны үшін, №1 Павлодар қалалық ауруханасының 60-жылдық мерейтойына орай денсаулық сақтау ардагерлері және медициналық қызметкерлеріПавлодар облысы әкімінің төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.