Еңбек күні

Ағымдағы жылы 28 қыркүйекте денсаулық сақтау басқармасында Еңбек күнін тойлауға байланысты, облыстың медициналық қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау өтті. Көп жылғы адал еңбегі, Павлодар өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды үлесі, қоғамдық қызметте белсенді өмірлік ұстанымы үшін, ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК-нің ересектер-консультативтік бөлімшесінің Әбілтаева Қалимаш Әбенқызы Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградталды, ШЖҚ «Павлодар қаласының №2 емханасы» КМК емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Салимбаева Майра Малғеждарқызы Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен наградталды.