Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері арасында облыстық туристік слет


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жылдығын тойлау Концепциясына сай ағымдағы жылы 1 қазанда Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері арасында облыстық туристік слет өтті.
Іс-шараның басты мақсаты-салауатты өмір салтының индикаторы ретінде, туризмді насихаттау, табиғатты аялау және өзінің туған өлкеңді сүюге баулу.
Спорттық іс-шараның соңында командалар мен туристік слеттің қатысушылары грамоталармен және дипломдармен наградталды.
Аталған іс-шарада облыстың 37-ден астам медициналық ұйымдарының командалары қатысты.